«1 қыркүйек күні консулға Пхукет жағалауында жас жігіттің суға батып кеткені және оның Қазақстан азаматы болуы ықтимал деген мәлімет келіп түсті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Екі күнге созылған іздестіру жұмысынан кейін таиландтық құтқарушылар 2005 жылы туған ер адамның денесін судан алып шықты.
Марқұмның ата-анасы Пхукетке келіп жетті және денені танып, анықтау процедурасына қатысады», - делінген ведомствоның мәліметінде.