Тайбэй төңірегінде ATR 72 ұшағы апатқа ұшырады


Бұл туралы сәрсенбі күні жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.
Сонымен қатар, лайнер эстакадада кетіп бара жатқан таксиді де зақымдаған. Жүргізуші жарақат алды.
Апат салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тапты. Жарақат алғандардың нақты саны анықталып жатыр.
Құтқарушылар лайнерден 26 адамды шығарып алды. Операция әлі де жалғасып жатыр.
Турбовинтті ұшақ бортында барлығы 58 адам болған. Оның бесеуі экипаж мүшесі.