Тайланд астанасында шағын кемедегі жарылыстан 58 адам зардап шекті

Алдын-ала мәліметтерге қарағанда, су көлігінде шамамен 70 адам болған. Жолаушылар таситын шағын кеме айлақта тұрғанда жарылған. Жапа шеккендердің барлығы ауруханаға жеткізілді, екеуінің жағдайы ауыр.

Құқық қорғау органдары болған оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Алдын-ала болжам бойынша, апатқа сұйық газбен жұмыс істеген қозғалтқыштың ақауы себепші болған. 

Еске сала кетсек, Бангкокта су арналар жүйесі бар.  Онда жолаушыларды тасымалдайтын қайықтар жүреді.