Әсіресе, жол-көлік оқиғасы сәуірдегі тайлық Жаңа жыл атап өтілетін Сонгкран уақытында жиі орын алады. Жеті күн мерекеде әр сағат сайын Тайланд жолдарында статистика бойынша 2,3 адам қаза табады.
«Жол ережесін бұзған жүргізушілер сотта айыпты деп танылып, мәйітханаға, ауруханаға жұмыс істеуге жіберіледі», - деп мәлімдеді полициядан.
Полицияда заң бұзушылар «тәннің де, жанның да жарақатын» көруі тиіс екенін атап өтті. Олар мәйітхананы тазалап, мүрделерді тасу жұмыстарына тартылады.