Тайландта жатақхана өртеніп 17 адам қаза тапты

Жексенбі кешке жатақхана ғимараты өртке оранған. «Іште 5-12 жас аралығындағы 38 оқушы болған», - деп хабарлады құқық қорғау органдары. Жатақхана қызметкерлері мен құтқарушылар жалындаған өрттен бірнеше қыз баланы ғана аман шығарып үлгерген. Қалғандарын эвакуациялау мүмкін болмады.