Тайсойған полигонының аумағында 22 перспективалық мұнай кеніші бар

Бірақ полигон жұмыс істеп тұрғандықтан, әзірге ол кенішті игеру мүмкін емес», - дейді «ЕмбіМұнайГаз» компаниясының директоры Жұмабек Жамауов.

Оның айтуынша, 749 582 гектар ауданды алып жатқан Тайсойған полигонына жақын маңда қазіргі таңда Шығыс Молдабек, Береген Жоламанов және Солтүстік Қотыртас кеніштері игерілуде және ол жерлерден жылына 496 мың тонна мұнай өндіріледі. Полигонның аумағында тағы екі кеніш - Уаз және Қондыбай кеніштері табылып отыр, олардың ұңғылары 5 мм штуцермен 700 метр тереңдіктен тәулігіне 11-14 тонна мұнай берген. Тайсойған блогында барлығы 22 перспективлық мұнай кеніші бар және олардың геологиялық қоры 480 миллион тоннадан астам мұнайды құрайды.

«Бірақ Тайсойған полигоны ресейлік әскерилерге жалға берілгендіктен, әзірге онда мұнайды кеңінен өндіру мүмкін емес», - дейді Ж.Жамауов.