Тайсон Фьюри Кличкодан тартып алған IBF титулынан айырылды


Бұл туралы IBF  бойынша чемпиондық айқастарды өткізу комитетінің төрағасы Линдси Такер  мәлімдеді, деп хабарлайды BBC. 

«Фьюри IBF титулына үміткер Вячеслав Глазковпен жекпе-жек өткізуі тиіс болатын, алайда оның орнына боксшы Владимир Кличкомен қайта айқасуға келіскен», - деп түсіндірді Федерация шешімін Такер.

27 жастағы Фьюри IBF тұжырымы бойынша чемпион атанғанына екі апта ғана болғаны атап өтіледі. 6 желтоқсанда Фьюри спортшылар арасындағы қарымта кездесуде украиндық боксшыны тас-талқан ететінін мәлімдеді. 2 желтоқсанда Кличко келісімшарттағы опцияны пайдаланып, 2016 жылы Фьюриге қарсы қарымта кездесу өткізетінін айтқан болатын. Жекпе-жек мамыр немесе маусымда өтуі мүмкін. Фьюри 29 қарашаға қараған түні Кличкодан басым түсіп, IBF, IBO, WBO және   WBA тұжырымдары бойынша әлем чемпионы титулдарын еншілеген еді.