Тайсон Фьюри Владимир Кличкомен жекпе-жекке шығудан үмітті

Ол Халықаралық бокс федерациясының рейтингінде екінші позицияға көтерілу үшін американдық Стивен Каннингеммен кездесіп, жетінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберген болатын. Бұл кездесу Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өткен еді. Ендігі уақытта Тайсон Фьюри аталған рейтингте бірінші орында тұрған болгарлық Кубрат Пулевпен кездеседі. Кездесу осы жылдың жаз айына межеленіп отыр. Тайсон ол жолы да қарсыласынан үстем шықса, Кличкомен кездесуге мүмкіндік алады.