Тайванда әуе апатынан қаза болғандардың саны 35 адамға жетті

деп хабарлады жұмада АП агенттігі.

Сегіз адамнан хабар жоқ, оларды іздеп жатыр.

Әуе апаты салдарынан 15 адам тірі, бәрі де жарақат алған.

Алдында хабарланғандай, 4-ақпан күні ATR 72 лайнері әуеге көтерілу кезінде эстакадаға тиіп, өзенге құлап түскен. Оның бортында 58 адам болған. Апаттың себептері анықталуда.