Тайваньда туристер тірідей өртеніп кете жаздады

От туристер билеп жатқанда тұтанған. Түнгі сауық кешін одан әрі қыздыра түсеміз деген қытайлар аспанға көбік шашып, артынша отшашулар атып, ақыр аяғында дүйім жұртты отқа орады. Алапат өрттен қашқан жұрт бірін-бірі таптап өте жаздаған. Жалында қалғандардың бәрі де ауыр дене жарақаттарын алды. Тіпті, денелерінің 50 пайызы күйіп қалғандар да бар. Өртке сапасыз пиротехника немесе темекі тұқылы себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылуда.

Loading...