Тайванда жолаушылар ұшағының апаты салдарынан құрбан болғандар саны 20 адамнан асты

Бұл туралы американдық Эн-Би-Си телеарнасы Тайвань азаматтық авиация басқармасына сілтеме келтіре отырып мәлімдеді.

TransAsia әуе компаниясының ATR 72 ұшағы ұшу кезінде эстакадаға тиіп кетіп өзенге құлаған.
Оның бортында 58 адам болған.
Апат себептері анықталуда.