Облыс әкімі Серік Біләловты құлағдар еткен СҚО Тайыншы ауданының әкімі Анатолий Маковский, былтыр аудан орталығы көптен бері күткен ауыз суға қол жеткізсе де, ауданды толық сумен қамтамасыз ету мәселесі шешілмегенін жеткізді.
Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2006 жылы Тайынша маңында ТМД елдері бойынша жалғыз "Биохим" биокешені іске қосылған болатын. Онда жылына 100 мың тоннадан асатын жанармайға қосатын присадка -биоотынын шығару мүмкіндігі бар. Биыл бұл кешен негізінде, төрт түлік мал мен құстарды өндірістік жемдеу кешенінің құрылысын салу туралы шешім қабылданған. Жоба 30 корпоративтік көшбасшы жобалардың тізіміне қосылған. Аталған өндірістік кешенде ет-сүт өндіру , шошқа өсіру кешені, құрама жем және ет комбинаты құрылмақ.
А. Маковскийдің ойынша, өткен жылы тартылған су құбыры жергілікті 10 мың тұрғыны бар ауданды және"Биохим" өндірістің желісін толық қамтамасыз ете алмай отыр.
"Есіл су" АҚ директоры Сермағанбет Құтышев бұл мәселенің өз шешімін ұсынды. Ол Тайыншаға екінші су құбырын тартқан жөн деп санайды. Облыс әкімі бұл ұсынысты жан- жақты сараптау туралы тапсырма берді.
Қазір "Биохимде" су пайдалану қысқартылып, технологиялық тізбектегі учаскелерінде суды тазарту жүйесі енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті