Аталмыш видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды.
«30-ға дейінгі қыздардың барлығы квартира жасап алады. Кейібірінде бір емес, бірнеше квартира. Жақсы жігіт ау деп танысуға барсаң, «горилла» ішіп, такси болып жүрген жіттер болып шығады. Соған мәз болып, соны жетістік көріп жүрген жігіттер болып шығады. Көліктерінің өзі жаңа, күшті модель емес, максимум шевролет, хюндай болып шығады. Осы көлікті мініп жүргендер қазір маған жабылып кетпесін, бірақ өмірдегі бар жетістіктері сол дейді. Үйленгеннен кейін ертең менің үйімде тұра ма сонда? Сонда олар 30-ға дейін немен айналысады? Қалай ойлайсыздар?», - деді ол.
Аталған видеоға қатысты желі қолданушыларының пікірі қақ жарылды. Олардың пікірі қызды сынға алса, енді бірі ашы шындықты айтқанын жазған.
«Шын ғой, басқа не біледі қазақтың жігіттері қазір? Одан қыздар пысық», «Жаным-ау соның бәріне үйленген соң бірге жетпейсіңдер ме?», «Негізі дұрыс айтады, қазір қыздар еркек болып кеткен, кез келген мәселені ерлерсіз-ақ өздері шешіп жүр ғой», «Ұят-ай, қыздарға не болып барады өзі?» деп жазды олар.
Loading...