Такси жүргізушісі клиентін дәрімен ұйықтатып, тонап кеткен


Ер адам клиентіне дәрі қосылған сыра беріп, ол ұйықтап қалған кезде, планшетті компьютер мен скрипкасын жымқырып кеткен. 

Барнауылдан келген қонақ Ленинград даңғылындағы ауруханадан табылды. Ол ұйқыдан келесі күні бір-ақ оянған, деп хабарлады "Вести ФМ" радиосы.

Соңынан зардап шегуші полицейлерге таксиді Планерная метросынан ұстағанын айтқан. Такси жүргзуші   немересінің туған күнінің құрметіне бұған сыра ішуді ұсынған. Күдікті бірнеше сағаттан кейін Фомичева көшесінен табылды. «Қарақшылық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция жүргізуші тағы қанша клиентін улағаны жайлы анықтауда.