”Талақ” фильміне барып, қазақ киносына талақ айтып келдім” - қоғам белсендісі

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Талақ” фильміне барып, қазақ киносына талақ айтып келдім.
Айналайын өздерін режиссер атағандар, кемінде 50 жыл кино түсірмей-ақ қойыңдаршы. Өзі де аз, қазақ көрерменді мүлде жоғалтып тынасыңдар мына түрлеріңде.
Мынау не кино?
Құрымбайға жетектеткен ақ аттан басқа ақтап алар дүние таппадық қой, құдай-ау!
Костюм анау - ит талағандай. Ең болмаса байдың үйін жөндеп қоюға болады ғой. Үйір-үйір жылқысы, үш қатыны бар бай ғой ол!
Бір құман сумен дардай қатынды төбе басында шешіндіре салып шомылдырғандарың қай сасқандарың? Дәрет алуға кетіп бара жатыр екен деппін. Логикаларың нөл ме сонша?
Сарымсақтың үйінде жап-жақсы аппақ көрпе жастығы бар екен ғой (ауырып жатқандағы төсегін айтам), қатын-баласымен неге терінің үстінде жатыр ол?
Қазақтың бәрі шыжың болған ба? Баланы қойшы жарайды, қазақ еркегі аттан түсе сап сиюші ме еді? Қатындар анау бұтына жіберіп жатқан
Дубляж да жетіспепті ең болмаса. 45-50-лер шамасындағы шалға (ол заманда шал ғой) 20-25 жасар пацанның дауысын қойғандарың не? Ұлпаның дауысы туралы тіпті де сөз шығындап бекер, орысша акцентпен
Сценарий - нөл!
Бұл фильмнің жалпы мақсаты не еді өзі?
Сендерге біреу “қазақтар, давайте, до конца позорьтесь!” деді ғой деймін.
Басқаны қойып, кеше ғана боқтап-боралап жатқан қырғыздардан барып үйреніп келіңдерші кино түсіруді((
Мына киноларыңды орыстардың кез-келген кинофестиваліне апарсаңдар гран-при ұтып келесіңдер, атвечаю! “Міне, сендер осындай едіңдер, біз сендерді адам қылдық, маладес” дейді.
Қазақ киносына осынша көңілім қалады деп ойламаппын.
Айтарға сөзім жоқ, тіпті”, - деп жазды қоғам белсендісі.

Фильм Бейімбет Майлиннің “Талақ” шығармасы бойынша түсірілген.

Фильмнің режиссері - Данияр Саламат. Ол “Бәйтерек”, “Вдвоем с отцом” фильмдерінің режиссері.