Таланттар шоуына 79 жастағы әжей қатысты

Бұл әйел - әлемдегі сальса орындаудан ең егде жастағы адам. Ол шоуға кәсіби биші Никомен келген және олардың номерінің барлығын таң қалдырғаны сондай, тіпті төрешілердің бірі үстелдің астынан бірақ шықты.

Таланттылар шоуы бүкіл әлемде қоғамның назарын аудартуда. Себебі онда шынымен күтпеген және таң қаларлық жаңалықтарды көруге болады. Бұл жағдайдағы таңдандыратыны - билеуге шыққан әйелдің жасында, ол 1934 жылы туған, 1 шілдеде ол 80-ге толады.

Сара Джонстың төрт баласы, жеті немересі және бір шөбересі бар. Ол биге екі жарым жасынан бастап әуес болған. Тұрмысқа шыққан соң, жұбайы оның бимен айналысуына қарсы болған. Жары өмірден өткенсоң, Пэдди Джонс өзінің сүйікті ісіне - би өнеріне қайтып келді.