Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол Instagram желісіне жаңа жазба жариялап, балалы болғаннан кейін қайта қалыпқа келгенін айтты.
"Балалы болғаннан кейін арада бір жыл өткенде сен қайта жарқырайсың", - деп жазды ол.
Алайда, блогердің оқырмандары оның образын "ашық" деп қатаң сынауда.
"Бұрын өнер адамдары талантымен мақтанатын еді. Қазіргілер төсі мен бөксесімен мақтанады", "Бізден ұялмаса да, ата-ана, ата-енесінен ұялмай ма сонда", "Төсің өзіңдікі болса мейлі, жасатып алып жұрттың ойын бұзасыңдар", "Ұялмайсың ба, атың шықпаса, жер өрте болды ғой", "Табиғи сұлулығыңыздан бір грамм да қалмады ғой", - деп жазды олар.