Бір жағынан, басына іс түскенде әріптестерінің қолдамай, қарсы шыққаны да Төрештің жанына батқан. Тіпті, жуырда үшінші рет әке атанған кезде көптеген өнер өкілдері Төреғалиді бұл қуанышымен құттықтамаған көрінеді. Бұл туралы әншінің әкесі Төреәлі Төлепов айтқан болатын.
Бұған дейін әкесі журналистер арқылы ұлының сахналық әріптестеріне ренішін жеткізсе, бұл жолы Төреғалидің өзі халыққа мұңын шақты. Ол іштегі ойын ақын Фариза Оңғарсынованың өлеңімен жеткізген.
«Жұрт маған неге жауықты?»,
Деп өзің босқа кішірме.
Талантты болу қауіпті
Талантсыздардың ішінде.
Жан жетпегенмен жүйрікке,
Ызыңдар зулап соңында оқ.
Сыйламастардан сый күтпе-
Кемеңгер-жалқы, тобыр көп.
Бір өзі көкке өрлей ме,
Кездеспей жолында орсыз жер.
Тобырға мазақ ол кейде,-
Өзімізбен бірдей болсын дер.
Тумысы бөлек кемеңгер
Көсем болуға ұмтылмас.
Қара бас қамын жегендер
Қаракет етуден бір тынбас.
Өтседе өмір: алды жар,
Тылсым ба маңы, сор ма арты,
Халқының даңқын қалдырар
Түбінде әйтеуір сол жалқы”.
Бұдан кейін әнші әйгілі ирландиялық драматург Бернард Шоудың сөзін келтіріп, өзінің қайта аяққа тұратынын жеткізген.
“Менің әр сәтсіздігімнен кейін абыройым асқақтай түспек”, – дейді ол.