Суретші ҚР Тұңғыш Президенті қорының өткізіп отырған бұл фестивалі талантты жастар үшін өте үлкен мүмкіндік екендігін жеткізді. «Көрмедегі Думан Әлиев сияқты бірнеше талантты жастың жұмыстары көңілден шығады. Алайда, көрмені ұйымдастырушылар суретшілердің жұмыстарын іріктемей қоя бергені дұрыс болмаған секілді. Өйткені қол өнерді түсінетін, көркем өрнерді білетін адам таңдап алмаған секілді»,-дейді ол.
Сонымен қатар ол көрмеден нашар жұмыстар мен керемет жұмыстар бірге орын тепкендігін, тіптен кейбір жұмыстар осымен оныншы көрмеге қойылып отырғандығына қынжылатындығын жеткізді. «Көрме әдемі, сәулетті ғимаратта өтіп жатқандықтан, ондағы туындылар да соғай сай болғандығы жақсы болар еді. Қазіргі жастарға жақсылап ойлану керек, көп ізденіс керек. Бұл тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналғандықтан кеуде толған мақсат болу керек, жеткен жетістігімізді паш етуіміз керек еді», -деп атап өтті суретші.
С. Бапанова жастарға отаныңды, жеріңді, еліңді жырла деп алдарына мақсат қойдыра білуіміз керек дейді.