Талапкерді тағы топан су басты

Талапкер тұрғындарының көрген күні осы –  қарттары тізеден су кешсе,  ауладағы иттерден бастап, ауылға қатынайтын автобустарға дейін жүзіп жүр. Көлдің ортасында қалған мына баспаналарға кіріп-шығудың өзі қиын. Күн жылығалы әбден әбігерге түскен жұрт тек резіңке етікпен амалдап жүр. Қазір қызыл су үйдің ішіне дейін кірген. Банктен несие алып салған үйіміздің ірге тасы құлап жатыр деп шырылдайды қожайындары. Ауылдың шетіндегі ара кідік қозғалып қоятын жалғыз техниканың жайлаған суды ауыздықтауға шамасы жетер емес. Ал, тұрғындар өз беттерінше әрекет етуге қауқарсыз. Шенеуніктерден де, қайыр болмай тұр.


Сағира Мұхтарова, Талапкер ауылының тұрғыны:

-Ешкім көмек бермейді. Суға кетіп жатырмыз қатты. Бізді кім жоқтайды, жетім бала болдық қараусыз қалған.