Талдықорғанда 1284 дана вейп сатпақ болған екі жігіт ұсталды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тінту нәтижесінде құқық қорғау органдары 1284 дана вейп тәркілеген.

Жетісу облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп аталмыш факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласында онлайн сатылымға шығарылған 8 мың дана вейптің тәркіленгені жөнінде жазғанбыз.

Сондай-ақ, Алматы облысында құны 2 млн теңге болатын вейптер тәркілен болатын.