«Зақымданған үй кіреберісі қайта салынады, ал екінші қабат құрылысын нығайту жұмыстары жүргізіледі. Барлық жұмыстар екі ай ішінде бітуі тиіс», - деп облыс әкімі Амандық Баталов мәлімдеді.
А.Баталовтың сөзі бүгін Талдықорған әкімдігінің сайтында орналасқан мәліметте берілген.
Қазіргі кезде газ жарылысынан зақымданған үй тұрғындары жергілікті колледждердің бірінің жатақханасына орналастырылған. Оларға үш рет ыстық тамақ берілуде.
Бұрын хабарланғандай, Еркін ауылындағы 12 пәтерлі тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде 1 желтоқсанға қараған түні газ баллоны жарылды. Жарылыс салдарынан үйдің екінші қабатының шатыры мен темір жабындар құлап түскен. Соның салдарынан жеті адам қайтыс болып, бес адам ауруханаға түскен.