Талдықорған мен Құлжа бауырлас қалалар атанды


Сапар барысында қала басшысы жылыжай кешенінің жұмысымен, коммуналдық қалдықтарды жинау бойынша кәсіпорын мен қалалық әкімшілікте болып, Ининнің 2030 жылға дейінгі Басты даму жоспарымен танысты.

Құлжа қаласы (немесе Инин) - Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданындағы қалалық уезд (ҚХР), Іле-Қазақ автономдық округінің әкімшілік орталығы. Іле өзенінің солтүстік жағалауында Қытай мен Алматы облысының шекарасынан шығысқа қарай 100 шақырым жерде Құлжа жазығында орналасқан.