Талдықорған мен Қызылордада жол апатынан екі адам қаза тауып, он үші ауруханаға жатқызылды

ТЖМ мәліметінше, 19 маусымда сағат 02.00-де Алматы облысының Талдықорған қаласында "БМВ" және "Ниссан-Премьера" көліктері соқтығысты. Апат салдарынан "Ниссан-Премьера" көлігінде отырған екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. "БМВ" жүргізушісі мен оның бес жолаушысы, сондай-ақ, "Ниссан-Премьераның" жүргізушісі мен оның бір жолаушысы ауруханаға жеткізілді

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, 19 маусымда 15 сағат 40 минутта Қызылордада Талсуат елдімекенінің жанындағы жолда "Фольксваген-Вента" және "Фольксваген-Пассат" көліктері соқтығысты. Жол апаты салдарынан "Фольксваген-Вента" жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы ауруханаға жатқызылды.