Талдықорған музейінде ХХ ғасырдың 30-80 жылдардағы ретротехникасы көрсетілді

«Біздің ретротехника коллекциямыз бірегей десе болады. Барлық жәдігерлер   жылдар бойы жинақталған  музейдің қоры. Мысалы, бізде патефондар коллекциясының бірнеше түрі бар. Олардың ішінде «Электрола» патефоны, Молотов   зауытының патефоны.  Олар  өткен жүзжылдықтың 50-ші жылдарында шыққан. Ленинград патефон зауыты, КСРО Ауыл шаруашылығы машина жасау министрлігі мемлекеттік зауыты, Коломен  зауыты  патефондары 20-ғасырдың 40-50 жылдарында шығарылған», -деп хабарлады Алматы облыстық Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің аға ғылыми қызметкері Татьяна Ли.

«Аидас»- 9 М.  (1966 ж. үлгі), «Яуза - 209-1» (1960-шы жж. үлгі), «Электроника - 302»   (1975-шы жылғы үлгі), Мәскеу зауыты « ТочМаш», «Томь М -303-1»   (1970-х жж. үлгі)  «Электроника ВМ-1» (1984 жылғы алғашқы отандық видеомагнитафон) сияқты алуан түрлі магнитафондар   ерекше қызығушылық тудыруда.

Сонымен бірге назардан тыс қалмай жатқан кеңестік дауыс зорайтқыштар «Арман -301» ПО «Қызыл ТУ» (Қазақстан. Алматы. Үлгі 1984 жылдан бастап шығарылған) бар.


Музей көрмесінде радио ойнатқыш коллекциялары да көрсетілді.    Келуішлер «Родина-52» (1952 жылы шыққан),   «Балтика», «Дайна» радиолаларын және т.б.  тамашалай алады.

Көрмеге телевизорлар да қойылды. Олардың ішінде КСРО 50-жылдығы атындағы Симверопольск зауытының  «Крым - 206»  теледидары, 1960 жылы шығарылған  «Декада-12» теледидары  бар.

Жалпы экспонаттар саны - 31. Көрме  2015  жылдың соңына дейін жалғасады.