Талдықорған полициясының қыз зорлады деп айыпталған экс-басшысына қатысты сот басталды

Талдықорғанда қыз зорлады деп айыпталған полиция басқармасының бұрынғы басшысы Марат Күштібаевқа қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды  Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz -ке сілтеме жасап. 

"Талдықорған қалалық сотында ҚР ҚК-ның 120-бабы, 2-бөлігі, 5-тармағы бойынша айыпталып отырған күдікті К-ге қатысты қылмыстық істі қарау басталды ("адам қызметтік міндеттерін орындау кезінде жасаған зорлау"). Процесс жабық режимде өтеді", - деп хабарлады Жетісу облысы сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, 2023 жылдың қарашасында Талдықорған полициясының бастығы 27 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталған болатын.