Талдықорған қаласының әкімі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының куәгерлерімен кездесті

Кездесу дөңгелек үстел түрінде өтті, бұл жерде жиналғандар аталмыш оқиғаның тағдырларына тигізген әсерлерімен бөлісті.  Кездесу барысында сондай-ақ Мемлекет басшысының сол кездегі жастардың көрсеткен ерлігін ақтаған сарабдал саясаты жайлы да  айтылып өтті.

Сөз соңында қала басшысы Желтоқсан оқиғасының қатысушыларына алғыс хаттар мен Жетісу туралы жазылған фотоальбомдарды сыйға тартты.