Талдықорған тұрғыны өзін бүйрегінен айырған әйелін кешірді

Отбасылық жанжал кезінде әйелі күйеуін екі рет пышақтап, жаралаған. 2017 жылдың 12 желтоқсанында ер адам ауруханаға түскен. Оған ауыр ота жасалды. Нәтижесінде дәрігерлер оның бір бүйрегін алып тастауға мәжбүр болды.

“Талдықорған қаласының ІІД-нің тергеу басқармасы ҚР ҚК 106-бабына сәйкес «Денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындады және қылмыстық іс сотқа жіберілді“, – деді полиция.

Сот кішкентай балалары мен күйеуінің кешірімін ескере отырып әйелді 3 жылға бостандығын шектеді айырды.


Енді ол органдардың арнайы бақылауында болады. Сонымен қоса, тұрғылықты жері мен жұмысын ауыстыруына болмайды, ойын-сауық орталықтарына баруына тыйым салынады және арнайы органдардың рұқсатынсыз басқа жаққа баруына болмайды.