Өңірдегі Нұрсұлтан Назарбаев Қорының күндері аясында 15-17 қараша аралығында бірқатар іс-шара өткізілуде.
Білім беру мекемелерінде кездесулер мен майталман мамандардың шеберлік дәрісі ұйымдастырылды.
Қор күндері Қордың және ведомстволық бағынысты ұйымдар жобаларының роуд-шоуынан басталды. «Еl Umiti» «Мың бала», «Qabilet», «Birge Oqý», «Тәуелсіздік дәуірі», «Еl umiti», «Smart Ustaz» және т.б. жобаларымызды іске асыру арқылы Қазақстанның балалары мен жастарының дарынын, әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. Бұл бастамалар әртүрлі аймақтағы мыңдаған жасты қамтып, жаңа дағдыларды дамытуға, әлеуетін ашып, алғашқы маңызды жетістікке жетуге бірегей мүмкіндіктер береді», - деді жобаларды таныстыру барысында «Еl umiti» ҚҚ басқарушы директоры Алина Хаматдинова.
«El umiti» КҚ қызметкерлері еліміз бойынша 2020 жылдан бері 618 мыңнан астам оқушы қамтығанын айтты. Оның ішінде 1342 оқушы «Дарын», БИЛ, РФММ мектептеріне қабылданды.
Тағы бір жоба – «Qabilet» қабілетін диагностикалау және кәсіптік бағдарлау қызметі 2021 жылдан бастап 233 600 баланы қамтыды.
«Birge oqy» онлайн платформасы 6-8 сыныптардың 10 мыңға жуық оқушысына синхронды оқыту форматында академиялық қолдау көрсетті, 3-10 сыныптардың 8,5 мың оқушысы асинхронды оқыту форматында қосымша білім алды.
«El umiti» КҚ-ның осы және басқа да көптеген жобасы роуд-шоу кезінде көрініс тапты.
Сарапшылардың жастармен және оқытушылармен кездесуі өзекті тақырыпты қызу талқылаумен ерекшеленді. Қалалық Оқушылар сарайында өткен пікірталас тренингтері кезінде өз пікірін қалай қорғауға болатындығы, аудитория алдында сөз сөйлеу туралы сөз қозғалды.
Педагог-психологтарға арналған тренингтер балалар мен оқушылардың қабілетін диагностикалау әдістерін зерттеуге арналған.
Робототехника мұғалімдерімен үлкен тәжірибелік жұмыс жүргізілді. «Роботек» мектебі жүргізген робототехника бойынша оқыту курсы кезінде мектептің жетекші мамандары инженерия, электроника және бағдарламалау салаларында білім берді.