Талдықорғанда 12 жолаушысы бар "Газель" микроавтобусы аударылды

Жол апаты салдарынан 4 адам, соның ішінде жүргізуші, мектеп жасындағы бір бала мен екі әйел әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Ал жеңіл жарақаттанған басқа жолаушылар ауруханаға жатудан бас тартты.