Талдықорғанда 20 жастағы жас жігіт балалардың әуретті жерін ұстап, ұятқа қалды

Бұл туралы желідегі krisp.tdk парақшасында жазылды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Белгілі болғандай аталған парақшада ата-аналар ер адамды ұстап, жазалауын сұраған.

«Балаларға зияны тимейінше мына ер адамды тауып, қамауға алуларыңызды сұраймыз», - деп жазған желі қолданушысы.

Қазіргі таңда полицейлер күдіктіні ұстағаны белгілі болды.

«Күдікті ретінде 20 жастағы психикалық ауытқуы бар адам ұсталды, қазіргі таңда ол қалалық полицияға жеткізілді», - деп мәлімдеді тәртіп сақшылары.

Бұдан бөлек жас жігіттің ата-анасымен бірге тұратындығы, оларға баланы жалғыз, қараусыз тастап кетуге рұқсат берілмегендігі туралы анықталды.