Талдықорғанда 3 млн теңге пара талап етті деген күдікпен бұрынғы судья құрықталды

 Қаржы полициясы Талдықорған қалалық сотының бұрынғы судьясына қатысты қылмыстық іс қозғады.


           Экономикалық және жемқорлық қылмысқа қарсы күрес агенттігінің ресми сайтында жарияланған ақпарға сүйенсек, экс-судья өткен мамыр айында «азаматтық іс бойынша оң шешім шығарып беру үшін» 3 млн теңге көлемінде пара алмақ болған көрінеді.
           Басқа жұмысқа ауысуына байланысты 2-қыркүйек күні қызметтен босаған судья осы айдың 21-інде сот санкциясы негізінде қамауға алынды.