Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, Талдырқорғанның ішкі істер басқармасының кезекші бөліміне 25-жастағы қыздың - ақша айырбастау бөлімшесі кассирінің көптеген пышақ жарақатын алған өлі денесі табылды деген хабар келіп түскен.
"Қылмыс болған жерде қалалық ІІБ жедел-тергеу тобы облыстық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлерімен бірлесіп іздестіру жұмыстарын жалғастыруда",- деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. Полицейлер айырбастау бөлңмшесінің кіретін есігі бүлінбегендігін нақтылап өтті, "жәбірленуші қарақшылардың қорқытуынан оларға есікті өзі ашқан деген болжам жасауға болады".
"Қазіргі уақытта ұрланған ақша көлемі анықталып жатыр",- деп қосты баспасөз қызметіндегілер.