"Ел чемпионатына биыл 300-ге жуық спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Оған ұлттық құрама мүшелері түгел қатысады. Онда үздік шыққан ауыр атлеттер қыркүйектің 13-25 күндері Анталияда өтетін Әлем чемпионатына қатысады", дейді ҚР Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Меңдіхан Тәпсір. 2008 жылы қарашаның 20-29 күндері Оңтүстік Кореяның Гоянг-Сити қаласында өткен Әлем чемпионатында Алексей Ни жаттықтыратын Қазақстан құрамасы 4 алтын, 1 қола медаль иеленіп, командалық есепте екінші орын алды. Онда Зұлфия Чиншанло, Мая Манеза, Владимир Седов пен Светлана Подобедова Әлем чемпионы, ал Владимир Кузнецов қола жүлдегер атанды.