Б. Есентаев ҚР ҚК-нің 24-бап 3-бөлімі, 99-баптың 2-бөлімі 10-тармағы (зорлаумен немесе сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерiмен ұштасқан адам өлтiруге оқталу) 120-баптың 1-бөлімі (зорлау) 121-баптың 1-бөлімі (сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша айып тағылғаны белгілі болды.
Естеріңізге сала кетейік, Баян Мақсатқызы маусымның оны күні бірнеше жерден пышақталып, ауыр жарақатпен Талғар ауданындағы ауруханаға түскен болатын. Белгілі продюсер, екі баланың анасы Баян Мақсатқызын өзінің күйеуі өлтірмек болды деген күдікпен Бақытбек Есентаев ұсталып, қамауға алынды. Сондай-ақ қазіргі таңда Баян бұрынғы тегіне қайта оралған сыңайлы. Ол әлеуметтік желідегі парақшаларына Баян Мақсатқызы деген өзгеріс енгізген.