Министрлік ақпаратына сәйкес, әскери қалашықтағы бір аулада белгісіз затпен ойнап отырған сәтте 7 жасар баланың қолындағы зат жарылып кеткен. Соның салдарынан бала мен оның жанында тұрған жас жігіт жарықшақ тиіп ауруханаға түсті.
Бұл дерек бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.