Талдықорғанда бетонды дауалының қулауы салдарынан бір жұмысшы қаза тапты

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 8 сәуірде 17 сағат 25 минутта жеке кәсіпкердің нысан құрылыстарын жүргізу кезінде бірінші қабатпен жертөле арасындағы дауал опырылды. Соның салдарынан бетонды дауал бір жұмысшының үстіне құлады. 27 жастағы жұмысшы оқиға орнында қаза болды.