Талдықорғанда бокстан Қазақстан чемпионаты басталды

Кеше кешке дейін созылған алғашқы жекпе-жектер (49, 56, 64, 75, 91 келі) болып өтті.

Шаршы алаңда «Астана Арланс» боксшылары, әлем чемпионаттарының қатысушылары, ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанған Мардан Берікбаев, Ержан Жомарт, Рүстем Сыбаев, Асхат Уәлиханов, Ғани Жайлауов, Мақсат Жексенбі, Нұрсұлтан Косшығұлов, Нұрзат Собиров және тағы басқалары кездесті.

Жарысқа өз аймақтарында үздік болып танылған бірқатар боксшылар да келді.

Чемпионатта Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін боксшыларының бірі Жәнібек Әлімханұлы жақсы нәтиже көрсетті. Ол қарсыласы Аббасовты нокаутқа жіберіп, жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.