Caravan Logo

Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды

Талдықорғанда ер адам өзенді көлікпен кешіп өтпек болып, суда тұрып қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

9 сәуірде түнгі сағат 00:42-де Алматы облысы ТЖ департаментіне Талдықорғанда 1989 жылғы ер адам Mitsubishi Pajero маркалы автокөлігімен Қаратал өзенін кешіп өткісі келіп, өзен ортасында тұрып қалғаны туралы хабарлама түсті.

Көлік Қаратал өзенінің ортасында 1.5 - 2 метр тереңдікте тұрып қалғаны хабарланды. Ал жүргізуші көліктің төбесіне шығып алған. 

"Құтқарушылар құтқару арқанының және кеудешенің көмегімен ер адамды құтқарып, жағаға аман-есен жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", - деді ТЖД өкілдері.