Талдықорғанда ер адамдар аналарының аяғын жуып құрметтеудің үлгісін көрсетті

Әз аналардың аяғын жуу рәсімін өткізген соң, аналар қауымы өзінің балаларына ризашылығын білдірді. Хадисте: «Алланың разылығы – ата-ананың разылығында», – делінген.

Алла Тағала Құрандағы «Лұқман» сүресінің 14-аятында: «Маған және әке-шешеңе шүкір ет», – деп бұйырған. Ал, Пайғамбармыздың (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Жаннат –  аналардың табандарының астында» делінген. Біз, мұсылмандар, аналарымызды тек Наурыз мейрамы кезінде ғана емес, өмір бойы сыйлап өтуге міндеттіміз, борыштымыз.