Талдықорғанда көңіл-көтеру орталығын «миналаған» телефон лаңкесі іздестіріліп жатыр

«5 маусымда сағат 10:44-те «102» пультына көңіл көтеру орталығының ғимаратына жарылғыш құрылғысы орнатылғаны туралы құпия хабар түсті», - деп хабарлайды ведомство.

Жүргізілген арнайы шаралар барысында жарылғыш құрылғысы табылған жоқ.

Полиция жалған лаңкесті іздестіріп жатыр.