Облыс орталығының он екі мектебінің жоғарғы сынып оқушылары өздерінің белсенділігін танытты. Олар жастар үшін спортпен айналысу өміріндегі маңызды сәттердің біріне айналуы тиіс деп санайды. Бұл жарыстың әрбір қатысушысы басты байлық - денсаулық екенін жақсы біледі.
Бірінші болып мұзға № 12 және дарынды балаларға арналған мамандандырылған № 20 лицейдің топтары шықты. Жас хоккейшілердің ойыны қызықты, әсерлі болды. Суық күн райына қарамастан, ұлдар қызыға ойнады. Олар үшін бұл сәтте ойынның процесі маңыздырақ болды, бірінші кезеңде ойын 3:2 есебімен № 12 ОМ тобының жеңісімен аяқталды.
Жарыс қорытындысы бойынша № 12 ОМ тобы жеңімпаз атанды. Екінші орынды № 5 мектеп оқушылары иеленсе, № 20 ДБМЛ тобы үшінші орынға лайық деп танылды. Ең үздік ойыншы - № 12 ОМ оқушысы Илья Анисимов болды.
Бұл күні конькидегі «Көңілді старттар» да өтті. Оларға қатысу үшін сегіз топ жазылды, олардың құрамында - 6-7 сынып оқушылары болған. Ойын үш кезеңмен өтті: «пойыз», «тіркеме» және «шорт-трек». Нәтижесінде № 14 ОМ-нің оқушылары жеңімпаз атанса, № 13 мектеп хоккейшілері - екінші, № 7 ОМ-нің тобы - үшінші орындардан көрінді.
Барлық жеңімпаздарға дипломдар мен естелік сыйлықтар берілді.
Оқушылардың бос уақыттарын Алматы облысы бойынша жастар саясаты орталығы ұйымдастырды. Жас буын арасында салауатты өмір салтын насихаттау - оның қызметінің басты міндеті. Орталық қызметкерлері түрлі спорттық жарыстарды үнемі жүргізіп отыруды жоспарлап отыр.