Талдықорғанда Н.Назарбаев төрт отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыс етті

Қаратау тұрғын үй кешенінде салынып жатқан пәтерлерді Талдықорғандықтар мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына сәйкес ипотекаға сатып алды.

Кілттерді табыс ету барысында Н.Назарбаев алдағы үш жылда Алматы облысында салынып жатқан тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың көлемі үш есе артатынын атап өтті. "Алдағы үш жылда тек Алматы облысында 54 мектеп ашылады. Бүгінде Қазақстанда 8,5 мың мектеп бар, олардың 75 проценті компьютермен толыққанды қамтамасыз етілген",- деді мемлекет басшысы.
Талдықорғанда Елбасы М.Тынышпаев атындағы мұражайда болып, жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесті.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті үш күндік жұмыс сапарымен Алматы облысын аралауда.