Талдықорғанда облыс әкімінің тапсырмасымен апта сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкелері өткізілуде

Алматы облысының түрлі аудандарының фермерлері облыс орталығына өз өнімдерін жеткізуде. Жәрмеңкелерде ауылшаруашылығы өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың жеміс-көкөніс өнімдері, ет, балық және сүт өнімдері арзан бағаға сатылуда. Жәрмеңкенің арқасында фермерлер өз өнімдерін делдалдарсыз тікелей сатуда, деп хабарлайды баспасөз қызметі. Жәрмеңкелер 29-қазанға дейін жалғасады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті