Талдықорғанда оқ-дәрі салынған құты табылды

Оқ-дәріні облыстық Ішкі Істер басқармасының қызметкерлері тәркілеп алды.

Бұл күні сондай-ақ, Талдықорғандағы Жетісу мемлекеттік Университетінің сауықтыру орталығында жаяу әскерге қарсы қолданылатын мина табылды. Арнаулы шаралар өткізу барысында жарылғыш заттың жауынгерлік қару емес екені белгілі болды. Минаны әскери полиция қызметкерлері тәркілеп алды.