Талдықорғанда өрт салдарынан 70 адам сыртқа шығарылды

ҚР Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің мәліметтері бойынша, 6 мамырда 20 сағат 11 минутта Талдықорған қаласында (Алматы облысы) "Қарағаш-Керуен" сауда үйінде өрт болды. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша өрт жалынына материалдық құндылықтар, заттар, құрал жабдықтар, сауда үйінің құрылысы оранды. Зардап шеккендер мен өлім-жітім болған жоқ.

"Қолға алынған шаралар арқылы төрт қабатты тұрғын үй, екі қабатты офистер мен дүкендер, трансформаторлық қосалқы станциялар, "Жаңа Қарағаш" сауда үйлері қорғауға алынды. 70 адам сыртқы шығарылды", -деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖ ауыздықтау жұмыстарына 25 арнайы техника ҚР ТЖМ өртті сөндіру қызметінің 14 бірлік техникасы, 600 адам жұмылдырылды.