Оған Астана, Алматы қалаларынан және облыс орталықтарынан 250-ге жуық спортшылар қатысты. Бұл мамыр айында Вьетнамның Хошимин қаласында өтетін Азия чемпионатына іріктеу жарысы болды. Чемпионатқа Қызылорда облысынан 19 спортшы қатысып, 3 алтын, 6 қола медаль иеленді. Атап айтсақ, Ақниет Садықова (49 келі, Шиелі ауд, Көкшоқы), Меруерт Көпболсынова (63 келі, Сырдария) және Бану Мансурова (68 келі, спорт интернат) чемпиондық тұғырдан табылды.
Спортшыларды жарысқа облыстың аға жаттықтырушысы Николай Курноскин, Нұрлыбек Сухан, Сламбек Мұсатаев, Марат Алдабергенов, Ердаулет Махамбетов, Руслан Тілеулиев, Мәди Исмайлов дайындады.