Қаладағы қонақүйлер мен сауналарды тексеру барысында полицейлер жезөкшелікпен айналысқан он шақты әйелді ұстады, оның алтауы көрші елдің азаматтары.
"Жергілікті ЖИТС-орталығының медициналық қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер ұйымдастырдық. Олар полицияға түскен әйелдерді, яғни жезөкшелікпен айналысқан әйелдерді жыныстық қатынас арқылы жұғатын соз (венерологиялық) аурулары және тағы басқа ауруларды анықтау үшін тест жүргізді", - деді өңірлік ІІД баспасөз қызметі.
Полициядағылар ұсталған шетел азаматшалары қыркүйек айының соңында Талдықорған қаласына интим қызмет көрсету арқылы ақша табу мақсатында келгенін түсіндірді. Қазіргі уақытта Қазақстаннан депортацияланатын әйелдер уақытша қалалық қабылдаушы-бөлушілер орталығында болады.
ҚР Қылмыстық кодексінің Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық бабы бойынша күдікке ілінген бір қонақ үйдің және бір саунаның әкімшісі ұсталған. Осы бап бойынша қылмыстық іс қозғалды.