Талдықорғанда «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің концерті болды

Концерт ұлы ақын Жамбыл Жабаевтың 165 жылдығына арналды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, өткен жылы қайта құрылған бұл ұжым республикамыздың көптеген қалаларында өз шеберліктерін таныстырып үлгерген. Ұжым тіпті Оңтүстік Кореяға да гастрольмен барып қайтқан.

«Құлансаздың» күйшілері Қарасай батырға арналған «Қарасай» туындысын, «Ата толғауы», «Аққу», «Бауырластар» сияқты күйлерді орындаса, бишілер тобы көрермендерге қазақтың ұлттық өнер қазынасына кірген «Биші қайың» және «Тұмарқыздың биін» ұсынды.