Мемориалдық ескерткіштің салтанатты ашылу рәсіміне қаза тапқандардың туыстары мен жақындары, ІІМ-нің ардагерлері, ал құрметті қонақтар ретінде - милицияның генерал-майоры Әбдіқадыр Болсамбеков пен ІІМ ардагерлер кеңесі орталық аппаратының төрағасы, генерал-майор Сағынжан Асылкеней шақырылды.
«Алматы облысы қылмыспен күресте әрқашан алдағы орындарда болды, және гранит тасында есімдері қашалған полицейлер күндіз-түні бейбіт тұрғындардың тыныштығын күзететін тәртіп сақшыларының ауыр күндері туралы еске салады», - деді С.Асылкеней.